3 Ақпан 10:30

«Барыс» хоккей клубының 18 жастағы спортшысы қайтыс болды

Фото:
Астаналық

«Барыс» хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев қайтыс болды.  

Алматы, NEGE. Ақпарат клубтың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталып, «Барыс» хоккей клубы қараша айында қайырымдылық шарасын өткізген болатын. 

«Ауыр сырқатпен 4 ай күрескен «Барыс» хоккей командасының жас қақпашысы өмірден өтті. Виленнің жасы небәрі 18-де болатын... Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға қайғыра көңіл айтамыз. Осы уақытқа дейін оны қолдап келген адамдарға алғысымызды білдіреміз. Бақұл бол, Вилен», - деп жазды  «Барыс» хоккей клубы ресми парақшасында.  

Вилен Прокофьев Сәтпаев қаласында дүниеге келген. «Барыс» клубының құрамына 2013 жылы келді. Ең алғашқы ойынын 2017-2018 жылдары бастаған болатын. 

Тегтер: