7 Желтоқсан 17:09

Бәрекелді, Баландин!

Фото:

АҚШ-тың Атланта қаласында жүзуден өтіп жатқан ашық чемпионатта Дмитрий Баландин тағы да топ жарды. Турнирге онымен бірге отандасымыз Әділбек Мусин де қатысып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабар таратты.

Алматы, NEGE. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпияда ойындарының чемпионы Баландин брасспен 100 метрлік қашықтықты бірінші болып жүзіп өткен. Осы аралықты ол 59,36 секундта бағындырған. Күміс американдық Андрю Уилссонға (59,54), ал қола АҚШ тумасы Коди Миллерге (59,92) бұйырды.

Тегтер: