27 Сәуір 15:08

Бахтиёр Зайнутдиновтың ұлты кім?

Фото:

Ресейлік sports.ru қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдиновтың туған жері Тараз қаласына барып, оның балалық шағы, туған-туыстары, оқыған мектебі, бір сөзбен айтқанда, бүкіл өмір жолы туралы баяндапты.

Алматы, NEGE. Әрине, «Зайнутдиновтың ұлты кім?» деген сұраққа танымал спортшының әкесі Батыржан нақты жауап берген.

«Қандай ұлттан болсақ та, Ресейде біз – қазақтармыз. Тіпті, Өзбекстанға барсақ та, ол жақта да біздерді қазақ деп атайды. Өйткені, біз осы жерде тудық. Оның үстінде, тамырымызда өзбектің де, қазақтың да, тәжіктің де, ұйғырдың да, украиннің де қаны бар», – деп жауап берген Батыржан.

Оның отбасы Қазақстаннан ешқайда да көшпейтінін айтқан. Бахтиёр Зайнутдиновқа азаматтығын өзгерту туралы ұсыныс түскенде, әжесі үзілді-кесілді қарсы болған екен.

Тегтер: