Аустралия тағы да жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырмақ

21 шілде, 17:45
Аустралия тағы да жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырмақ
Фото: google.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындары Брисбен қаласында өтеді деп жариялады. Бұл туралы Inside the Games порталы жазды. 

Алматы, NEGE. Осылайша Аустралия жерінде жазғы Олимпиада ойындары үшінші рет өткелі тұр. Бұған дейін төртжылдықтың басты додасын 1956 жылы Мельбурн және 2000 жылы Сидней қалалары қабылдаған еді. 

Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындары Парижде (Франция), ал 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді. 

Арғы күні, яғни 23 шілдеде Токиода Олимпиада ойындары басталып, 8 шілдеде мәресіне жетеді.