18 Шілде 13:16

«Астана» футбол клубының 8 ойыншысы коронавирус және пневмониямен ауырып қалды

Фото:

«Астана» ФК ресми сайтында клубтың негізгі құрамындағы 8 ойыншының коронавирус және пневмониямен ауырып қалғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Клубтың бас бапкері Михал Билек төрт адамның пневмониямен ауырып қалғанын, ал тағы төрт адамның  COVID-19-ға тапсырған сынамасының нәтижесі дұрыс шықпағанын хабарлады. Ол сонымен бірге клубтың негізгі стадионы болып табылатын «Астана Аренаның» да қызметкерлері індет жұқтырғанын айтты.

Қалыптасқан жағдайда клуб шілденің аяғына таман қайта басталады деп жоспарланған футболдан Қазақстан Премьер-Лигасында ойнай алмайтынын мәлімдеуде.   

Тегтер: