26 Сәуір 11:42

«Астана» баскетбол командасы Беларусь клубынан ойсырай жеңілді

Фото:

 «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасының матчында Беларусьтің «Цмоко-Минск» командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Ойын Қазақстан астанасында өтті. Отандық клуб 74:109 (17:25, 21:32, 24:17, 12:35) есебімен жеңіліс тапты. «Астана» құрамында ең нәтижелі ойын көрсеткен Джеремайя Хилл болды. Ол 17 ұпай жинады. Айта кетейік, бұл жеңіліс - «Астана» үшін осы маусымдағы ең ірі сәтсіздік. Мұның алдында қазақстандық команда 33 ұпаймен «Зениттен» (52:85) және ЦСКА командасынан (60:93) ұтылған болатын. Биылғы маусымда 24 матч өткізіп үлгерген «Астана» командасы ВТБ лигасының турнир кестесінде соңғы, 12-орыннан көрініп отыр. Клуб тек алты ойында қарсыласынан басым түскен, қалған 18 матчта жеңіліп қалды.

Тегтер: