6 Қаңтар 22:34

Арман Оспанов Расул Мирзаевпен қашан төбелеседі?

Фото:
Қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен төбелесетін болды. Бұл туралы

Absolute Championship Akhmat (АСА) промоушені хабарлады.

Алматы, NEGE. 6 наурызда Алматыда өтетін АСА 105 турнирінде Оспанов пен Мирзаев төбелесетін болды. 2018 жылы 10 қарашада Оспанов пен Мирзаевтің жекпе-жегі Мәскеуде өтуі тиіс болған. Алайда Арман Оспанов жарақат алып қалып, кездесу кейінге шегерілген.

30 жастағы біздің оғаланның еншісінде 9 жеңіс бар. Ал 33 жастағы Мирзаев 18 мәрте жеңген. Мирзаев қазақстандық Ержан Естановпен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіп кетті. Енді Ержанның есесін Арман қайтарады деп сенейік.

Тегтер: