25 Қараша 22:50

Аңыз футболшы Мародона дүниеден озды

Фото:

Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Аргентиналық телеарна осындай хабар таратты. Әйгілі футболшы алпыс жаста еді. Өткен айдың соңында медициналық тексерістен өту үшін марқұм ауруханаға барған. Көп ұзамай миына операция жасалды деген ақпарат тарады. Тақауда, 11 қараша күні Марадона ауруханадан шыққан болатын. Хабарламада «Наполи» және Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы жүрек талмасынан қайтыс болды делінген.

Тегтер: