15 Желтоқсан 09:27

"Канело" кезекті жекпе-жегін ресейлік боксшымен өткізуі мүмкін

Фото:

Екінші орта салмақта сынға түсетін ресейлік боксшы Федор Чудинов (22-2, 15 КО) үш салмақта әлем чемпионы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек өткізуге ресми үміткер атанды. Бұл туралы ресейліктің промоутері Владимир Хрюнов айтты. 

Алматы, NEGE. "Қазір бәрі "Канелоның" бос болуына байланысты, бірақ Сергей Ковалев үшін есе қайтару керек", – деді Хрюнов. 

Естеріңізге салсақ, 2 қарашада Лас-Вегаста Альварес Ковалевті нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO титулын тартып алған болатын.

Тегтер: