18 Желтоқсан 09:28

Альварес өзін-өзі мақтады

Фото:

Америкалық ESPN телеарнасы орта салмақтағы WBA чемпионы Сауль Альваресті осы жылдың үздік боксшысы деді. 

«Марапат үшін алғас айтамын. Бұл менің мансабымдағы, тарихымдағы тек бір қадам ғана, сіздерден сәл күтулеріңізді сұраймын, себебі «Канело» тарихта қалады. Мен оған кепілдік беремін», – деп мәлімдеді мексикалық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Альварес Даниел Джейкобс пен Сергей Ковалевті жеңді. Қыркүйек айында Сауль қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесе алатын еді, бірақ ол GGG-мен айқастың орнына Ковалевке қарсы жартылай ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жекті таңдады.

2015 жылы «Канело» ESPN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанған болатын.

Тегтер: