26 Қыркүйек 18:48

Алматыдағы марафонға бес мыңға жуық адам қатысты

Фото:

 Алматыда дәстүрге айналған «Алматы марафоны» өтті. Оған бес мыңға жуық адам қатысты.

Алматы, NEGE. Желаяқтар бәсекесінде бақ сынау үшін шетелден келгендер де болды. Таңғы алтыда жарыс жолына шыққан олар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсті. Қатысушылар дәстүрлі 10 және 42 шақырымдық марафоннан бөлек скандинавиялық жүрістен де үздікті анықтады. Сондай-ақ 6 адамнан құралған командалар да жүлдеге таласты. Спорттық шараға белсене қатысып, мәреге жеткендерге арнайы медаль берілді.     

Тегтер: