10 Маусым 09:51

Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионы болды

Фото:

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Жарысқа Қазақстан атынан Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.  ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мамыр айының үздік құрамасын анықтады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпайын еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын - Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоға бұйырды. Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын. Кркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.

Тегтер: