1 Тамыз 17:54

Әлиев рингтен неге кетпей қойды?

Фото:

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Франция боксшысы Мурад Әлиев жекпе-жекте жеңілгенімен келіспей, бір сағат бойы рингтен кетпей қойған.

Алматы, NEGE. Боксшы қарсыласын басымен бір ұрғаны үшін жекпе-жектен шеттетілген, ол төрешінің бұл шешіміне наразылық білдірді. Боксшы Мурад Әлиев Мәскеуде туған, бірақ алты жасында отбасымен Францияға көшіп кеткен. Ол аса ауыр салмақ дәрежесінде ширек финалда британиялық Фрейзер Кларкпен жұдырықтасты.

Екінші раундта төреші Әлиевті жекпе-жектен шеттетті. Өйткені, боксшы қарсыласын әдейі басымен ұрды деп шешкен. Бұл шешімге ызаланған Әлиев жеңілгенімен келіспей, аузындағы тіссауытын түкіріп тастап, телекамераны жұдырығымен бір ұрады. Осыдан кейін ол бір сағат бойы рингтен кетпей, басқа жекпе-жектерді өткізуге бөгет жасаған. Бірақ ақырында тәртіпке бой ұсынып, шаршы алаңнан кеткен.

Тегтер: