5 Желтоқсан 14:19

Әли Ахмедов әлем чемпионы атануы мүмкін

Фото:

18 желтоқсанда Голливудтың (Флорида, АҚШ) «Seminole Hard Rock Hotel & Casino» аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Жерлесіміз бұл күні өзінің міндетті қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездеседі.

Алматы, NEGE. Басты жекпе-жектердің бірінде тағы бір қазақстандық – екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Эквадор өкілі Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионы атанады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әли екінші орта салмақта WBC International Silver чемпионы атағына ие.

Тегтер: