27 Наурыз 10:51

Әлем чемпиондары Нұр-Сұлтанға ұшып келді (видео)

Фото:
Футболдан қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасы Қазақстанға ұшып келді.

Бұл туралы деп Vesti.kz сайты хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. 28 наурызда Франция құрамасы «Әлем чемпионаты-2022» іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын өткізеді. Елордаға команданың барлық жұлдызды ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Киллиан Мбаппе, «Барселонадан» Антуан Гризманн және «Манчестер Юнайтедтен» Пол Погба келді. Олар да Қазақстан құрамасына қарсы ойында өнер көрсетеді.

Ойын 28 наурызда сағат 19.00-де көрермендерсіз өтеді. Оны Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Франция құрамасының толық құрамымен мына жерден танысуға болады. 

Бүгін, 27 наурызда Франция құрамасы матч қарсаңында «Астана Аренада» жаттығу өткізеді.

Тегтер: