10 Қазан 09:48

Әйгілі «Париж-Рубе» өтпейтін болды

Фото:

Әлемге әйгілі «Париж-Рубе» біркүндік веложарысы Франциядағы карантин шараласына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылар хабарлады. Бастапқыда велодода 12 сәуір күні өтуі тиіс болған. Алайда, коронавирустың асқынуына байланысты турнир күзге ауыстырылды. Кейін жарыс 25 қазанда өтеді деп хабарланғанымен, бүгін турнирдің биыл ұйымдастырылмайтыны анықталды», делінген комитет таратқан хабарламада.

«Париж-Рубе» біркүндік веложарысы әлемдегі ескі әрі техникалық тұрғыдан қиын дода саналады. Биыл веложарыс 118-ші рет өтуі тиіс болатын. Аталған турнир ең алғаш рет 1896 жылы ұйымдастырылған. Бұған дейін «Париж-Рубе» веложарысы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмеген.

Тегтер: