23 Қыркүйек 10:52

«Әй, Макгрегор, Жаңа Хабиб сені мүгедек-арбаға таңады»

Фото:

Менеджер Али Абдель-Азиздің пікірінше, аралас жекпе-жек шебері ирландиялық Конор Макгрегор Жаңа Хабиб аталып жүрген швед спортшысы Хамзат Чимаевқа шамасы жетпейді.

Алматы, NEGE. «Чимаев оны мүгедектер арбасына отырғызып қояды. Есі кеткен спортшылармен жекпе-жек ұйымдастырмас едім. Конор – сондайлардың бірі», – дейді Абдель-Азиз. Осылайша, ол октагонда күш сынасу кезінде ирландиялықтың жеңілетінін болжап отыр. «Хамзат оны өлтіріп тастайды», – дейді менеджер.

Абдель-Азиз Чимаевтың да, Хабиб Нурмагомедовтің де өкілі болып табылады. Соңғы кездері жұрт Швеция атынан өнер көрсетіп жүрген ұлты шешен спортшы Чимаевты Хабибпен жиі салыстырып жүр.

Тегтер: