30 Шілде 15:31

Әбілхан Аманқұл: Ақша үшін төбелесуге келген жоқпыз!

Фото:

Токиодағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастаған Әбілхан Аманқұл «Азаттық» тілшісіне Олимпиадаға не үшін келгенін айтып берді.

Алматы, NEGE. «Азаттық» тілшісі Руслан Меделбек әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Әбілхан Аманқұлдың кеше өзбекстандық Фанат Қахрамоновты жеңген соң айтқаны:

– Қазақстан олимпиада чемпионына 250 мың доллар береді. Бұл ақша сізге маңызды ма?

– [Ақша] маңызды. Бірақ бірінші ақша емес, елдің абыройы маңызды. Бала кезден арманымыз бірінші орында. Ақша одан кейін. Оны сыйақы деп қабылдаймыз. Ақша үшін төбелесуге келген жоқпыз, ел намысын қорғауға келдік.

– Құрамадағы фаворит жігіттердің жеңілгені қалай әсер етті?

– Енді, көңіл-күй түсті, фаворит, мықты жігіттеріміз ұтылып қалды. Бірақ әркім өзі бөлек шығады ғой рингке. Барлығымыз бір командамыз, олар ұтылды деп біз де ұтылсақ, барша елге күлкі боламыз».

Тегтер: