16 Ақпан 19:46

Абылайхан Құсайынов қарсыластан басым түсті

Фото:

Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Абылайхан Құсайынов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Алматы, NEGE. Ол Мексиканың Тихуана қаласында жергілікті боксшы Мауро Лоретомен (32 - 10) жекпе-жек өткізді. 

Құсайынов мексикалық боксшыны бесінші раундта жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі (8 КО)

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Құсайынов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартты үзді. Ендігіде ол АҚШ-та жаттығады.

Тегтер: