10 Желтоқсан 18:43

7 жасар қыз ауыр зілтемір көтерді

Фото:

Канадалық 7 жасар қыз 80 келі зілтемірді көтерді, – деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Осылайша, 7 жасар Рори Ван Ульф әлемдегі ең күшті қыз атанды. Жақында ол АҚШ-та өткен ауыр атлетика сайысында жеңіске жетіп, ең жас чемпион атағын иеленді.

Жас спортшы 30 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 11-13 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бағын сынаған.

Рори спортқа 5 жасында келген. Ол аптасына 9 сағат жаттығады.

«Маған гимнастика көбірек ұнайды: бұл спорт түрінде ештеңе көтерудің керегі жоқ», – дейді канадалық жас зілтемірші.

Оның пікірінше, қауіпті спорт түрі оған мықты болуға көмектеседі.

Тегтер: