12 Қаңтар 17:43

23 жасар мексикалық Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Фото:

23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) 35 жастағы ирландиялық Гэри «Спайк» О'Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, ол IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді, WBA Super және WBC (Franchise) титулдары бар мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (53-1-2, 36 КО), сондай-ақ WBC нұсқасы бойынша америкалық чемпион Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.

«Мен дивизиондағы үздіктер, «Канело», Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді», – деді Мунгия жеңісінен кейін. 

Тегтер: