29 Қараша 10:27

20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Фото:

Қарағанды облысының тумасы, ауыр атлет Артем Антропов жұлқа көтеру бойынша Қазақстанда жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) келі жинап, алтын алды.

Жұлқа көтеру бойынша бұрынғы рекорд Илья Ильинге тиесілі болған.

Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Ал үшінші 257 (115+142) келімен Алексей Литвченко (Қарағанды облысы) болды.

Тегтер: