28 Маусым 15:34

17 жастағы футболшы алаңда қайтыс болды

Фото:

Мәскеудегі әуесқой футбол лигасының матчында қайғылы оқиға болды. Ойынның басында бастапқыда команда сапында болмаған 17 жастағы футболшы есінен танып қалып, көз жұмды деп хабарлайды Газета.ru. 

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 26 маусым күні болған. Әзірге өлімнің себебі белгісіз. LFL президенті Дмитрий Смирновтың айтуынша, марқұм жігітке алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетілген, содан кейін оны жедел жәрдем көлігі жансақтау бөліміне алып кеткен. Смирновтың сөзінше, бұл өтініштегі тізімге кірмеген футболшы болған. Кейін оның жеке басы анықталған. Ол 17 жастағы Максим Добровольский есімді жас жігіт болып шыққан.

"Біз жағдайдың егжей-тегжейін әлі анықтаймыз. Шамамен Эриксенмен болған жағдай сияқты. Ол ойынның басында есін жоғалтты, яғни қақтығыс болған жоқ, шаршамаған. Оған қоса, ойын кешкі уақытта болғандықтан ауа райы да ыстық болмады, айтарлықтай салқын еді.

Біз өлімнің себебін білмейміз. Ол тізімде болмаған. Досы оны ойнауға шақырған сияқты. Бұл біздің лигада сирек кездесетін жайт", – деп келтіреді Дмитрий Смирновтың сөзін Sport24.

А мәскеулік "Спартактың" бұрынғы дәрігері Лю Хоншенгтің айтуынша, жас футболшының өліміне инфаркт себеп болуы мүмкін. Ол спортпен айналыспас бұрын адамдарға жай медициналық тексерістен өту керек екенін баса айтты.

"Егер кездесу кешкі уақытта болса, онда өлім себебі астананың аптап ыстығында емес. Сірә, бұл инфаркт. Адам физикалық күшке шыдай алмай, жүрегі тоқтаған. Медициналық бақылау болмаған. Бұл стандартты тексерістің болмағаны. Адам спортпен айналыспас бұрын медициналық тексерістен өтуі керек", – дейді ол. 

Тегтер: