USD
USD
USD

Спорт комментаторы Василий Уткин қайтыс болды

Танымал комментатор, журналист және «Эгриси» футбол командасының қожайыны Василий Уткин 52 жасында өмірден озды.

Василий Уткин
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дәрігерлер Уткинге тамыр жеткіліксіздігі деген диагноз қойған. Ауруханаға жатқызылғаннан кейін оған бірден жасанды тыныс алу аппаратын қосқан, алайда реанимация шаралары нәтиже бермеді. Василий Уткин 16:01-де Пирогов атындағы аурухананың кардиология бөлімінде қайтыс болды.

Василий Уткин 1990 жылдардың ортасында НТВ және НТВ-плюс арналарының футбол комментаторы, журналист және «Футбол клубы» телешоуының жүргізушісі ретінде танымал болды. 

2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 тамызына дейін Уткин НТВ-плюс спорт арналарының бас редакторы қызметін атқарды.

2018 жылдың маусымында Уткин өзінің авторлық YouTube арнасындағы «Футбол клубы» бағдарламасын қайта бастады.

Ол 2004 және 2005 жылдары «Үздік спорт комментаторы» номинациясында TEFI сыйлығының иегері атанды.

Қазір оқып жатыр

«ҚазАвтоЖол» 700 млн долларға дейін несие алады: қаражат қайда жұмсалады?

ҚАЖ

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев