USD
USD
USD

Азиядадағы сапасыз киім дауы: Спорт дирекциясы басшысының орынбасары 383 миллион теңгені ұрлады деген күдікпен қамалды

ҚМА елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. 2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынған.

Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.

Сонымен қатар, жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған.

Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын.

Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық