Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Спиртті ішімдік дайындайтын 4 цех анықталды

Шымкентте қолдан спиртті ішімдік дайындайтын 4 астыртын цех анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Спиртті ішімдік дайындайтын 4 цех анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алкоголь өнімдерін қолдан жасаудың салдары мемлекетке орасан зор экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, адам денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Қолдан жасалған алкогольді тұтыну мүгедектікке, кей жағдайда тіпті адам өліміне де әкеліп соқтыруы мүмкін. Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-тергеу шараларының нәтижесінде суррогат алкоголь өнімін өндіретін 4 астыртын цех қызметінің жолын кесті», – делінген хабарламада.

Тексеру барысында 19 мың шөлмек түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 млн.теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш факті бойынша ҚР ҚК-тің 233-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, бір факті бойынша күдікті кінәсін толығымен мойындап, залалдың орнын толтырды.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov