Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

SpaceX Түркия жерсерігін қосып зымыран ұшырды

Turksat 5A – бесінші буындағы байланыс жерсерігі. Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX деп аталатын компаниясы Falcon 9 зымыран тасығышын Түркияның Turksat 5A байланыс спутнигімен қосып ғарышқа ұшырды.

SpaceX Түркия жерсерігін қосып зымыран ұшырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Falcon 9 зымыраны Флорида штатындағы Кейп Канавералдағы ғарыш айлағынан аттандырылды. Жерсерік 2021 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады. Бұл –орбитадағы төртінші түрік спутнигі. Салмағы 3,5 тоннадай ғарыш аппараты сандық теледидар мен кең жолақты интернет қызметтерін қамтамасыз етуге арналған. Ол сонымен қатар Түркияның азаматтық және әскери саласында қолданылмақ. Turksat 5A – бесінші буындағы байланыс жерсерігі. Ол Ku-диапазонды транспондерлермен жабдықталған, олар сигналдарды секундына 50 гигабит жылдамдықпен жерге жібере алады. Еске сала кетсек, 2020 жылдың желтоқсанында SpaceX Falcon 9 зымыран тасығышын АҚШ-тың әскери-ғарыштық барлау Ұлттық басқармасының NROL-108 деп аталатын ғарыш аппаратымен қосып ұшырған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.