USD
USD
USD

SpaceX төрт ғарышкер ұшырды

SpaceX америкалық компаниясы сәрсенбі күні Crew Dragon кемесімен зымыран-тасығыш ұшырды.

SpaceX төрт ғарышкер ұшырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) төрт ғарышкер жіберген. Трансляция АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) сайтында жүргізілуде.

Falcon 9 зымыран-тасығышы Канаверал (Флорида штаты) ғарыш айлағынан АҚШ уақытымен 03:55-те ұшқан.

Freedom (Бостандық) деген атау берілген кеме экипажыны NASA астронавттары – Челл Линдгрен, Роберт Хайнс және Джессика Уоткинс, Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) өкілі, итальяндық Саманта Кристофоретти кірген. Ғарышкерлер 200-ден астам ғылыми тәжірибе жүргізеді деп күтілуде.

«Бостандық» ХҒС-пен 28 сәуір күні 20:15-те түйіседі. Бұл – NASA-ның SpaceX-пен ынтымақтастығы аясында ХҒС экипажының америкалық тараптан төртінші ротациясы. Линдгрен, Хайнс, Уоткинс және Кристофоретти орбитада америкалық әріптестері Раджу Чари, Том Маршберн және Кайла Бэррон және Маттиас Маурерді алмастырады.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер