Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

SpaceX навигациялық жерсерігін ұшыруды екі секунд қалғанда кейінге қалдырды   

  Американың SpaceX компаниясы жұма күнге жоспарланған үшінші буын GPS навигациялық жүйесінің Falcon 9 зымыран-тасығышын ұшыруды кейінге қалдырды.

SpaceX навигациялық жерсерігін ұшыруды екі секунд қалғанда кейінге қалдырды   
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды. Флорида штатының Канаверал мүйісініндегі ғарышайлағынан ұшыру АҚШ шығыс жағалауының уақыты бойынша сағат 21:43-ке жоспарланып, ұшыруға екі секунд қалғанда кейінге қалдырылды. «Ұшыру бүгін жүзеге асырылмайды. Миссия үшін түсірілген уақытша терезе 15 минуттан соң жабылады. Біз болған оқиғаның мән-жайын анықтаудамыз»,  –  деді SpaceX компаниясының өкілі. Компания тасығыштың қызметін атқарған бірінші сатысын Жерге қайтаруды жоспарлаған. Сатыны бірқалыпты түсіру үшін Атлант мұхитында, Флорида штатының жағалауына жақын орналасқан Just Read the Instructions қалқымалы платформа дайындалды. Зымыран сатыларын көп рет пайдалану Илон Маск компаниясына аппараттарды орбитаға ұшыру бағасын арзандатуға мүмкіндік беріп отыр. АҚШ GPS жүйесінің үшін жерсерігін ұшыруды жоспарлаған. Қазіргі кезде американдық GPS тобына 30-дан астам аппарат кіріп отыр. Үшінші буынды GPS-тің бірінші жерсерігі 2018 жылдың желтоқсан айында, екіншісі – 2019 жылдың тамызында ұшырылған.

Қазір оқып жатыр

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция