15 Қыркүйек 10:24
...

S&P халықаралық агенттігі Kaspi Bank рейтингін көтерді

Фото:

Сарапшылар Kaspi-дің нарықтағы мықты ұстанымымен сенімді стратегиясын атап өтті

Алматы, NEGE. S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Kaspi Bank» АҚ рейтингтерін «BB-»-тан «BB»-ге дейін және «kzA» деңгейінен «kzA+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

Агенттік Kaspi Bank рейтингі бизнесті несиелеу, тұтынушылық несиелеу және төлемдер сегментіндегі дәлелденген стратегиясын және күшті нарықтық ұстанымын көрсететінін атап өтті.

«Kaspi рейтингтерінің кезекті өсуі біздің тамашакомандамыздың Қазақстандағы жұмыс сапасын тағы растады. Біз сүйікті тұтынушыларымызды өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет!», - деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Агенттіктің сарапшылары Kaspi өте жоғары табыстылықты сақтайды деп күтеді. ROAE (Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті) екі жыл бойы 75%-дан жоғары болады. Қажет болса болжанған жоғары табыстылық Kaspi-ге жағымсыз операциялық орта жағдайында ықтимал тәуекелдерді жақсырақ басқаруға көмектеседі.

Тегтер: