Созақта Сұлтанбек Қожанов атындағы музей пайдалануға берілді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысындағы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Сұлтанбек Қожанов атындағы өлкетану музейі пайдалануға берілді.
Түркістан, NEGE. Осы уақытқа дейін ескі және шағын ғана ғимаратта орналасқан музей ұжымы, енді жаңа, зәулім нысанда халыққа қызмет көрсететін болады.
Іс шарада Түркістан облысының мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов көпшілікті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Ал, ауыл тұрғындары мен Сұлтанбек Қожановтың туған-туыстары игі іске ұйытқы болған жандарға алғысын білдірді.
Музейде тарихи мұраларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. Орта ғасырдан жеткен жәдігерлер, қазан төңкерісіне дейінгі жергілікті халықтың тұтынған заттар мен балбал тастар қойылған. Жергілікті күйші, ақын-жазушылар, спортшылар тұтынған құнды дүниелер бар. Мәселен, Төлеген Момбековтің, Дина Нұрпейсованың ұстаған қара домбырасы, ел Тәуелсіздігінен, аудан тарихынан сыр шертетін мұралар орналасқан.
Қазіргі таңда музей қорында 2700-ден астам астам жәдігер сақталған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін алдағы екі жылда құнды жәдігердің санын 5000-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазір оқып жатыр
Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады
«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды
Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды
Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?