USD
USD
USD

СOVID-19 жұқтырудың 60%-ға жуығы маусымда тіркелген

Ә

СOVID-19 жұқтырудың 60%-ға жуығы маусымда тіркелген
Фото: NEGE.kz

лемде СOVID-19 жұқтырудың 60%-ға жуығы маусымда тіркеліп отыр, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Aлматы. NEGE. «Бүгінгі таңда 10,3 млн адам коронавирус жұқтырған, ал 506 мың науқас көз жұмған. Індет жұқтырудың 60%-ға жуығы маусымда тіркелген. Соңғы аптада күн сайын СOVID-19 дертін 160 мыңнан астам адам жұқтырған», - деп келтірілген Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ жаңалықтары» ресми ақпараттық ресурсында Гебрейесустың сөздері.
Пандемиямен күреске кешенді кірісу- жағдайды бақылауға алудың ең жақсы тәсілі екенін атап өткен ДДСҰ басшысы оның құрамдастарын еске салды: күдікті жағдайларды анықтау, тест жүргізу, ауру жұқтырғандарды оқшаулау, олармен байланыста болғандарды анықтау, әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Сонымен қатар, Гебрейесустың айтуынша, дәрігерлерді СOVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс жасауға оқыту және халықтың сауатын ашу, бұл ретте барлық бағытта бір мезетте әрекет ету керек – тек солай ғана вирустың таралуын тоқтатып, адамдарды құтқаруға болады.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға