4 Шілде 15:57
...

Соттың көзінше «есікті тарс жауып кеткен» журналист қамауға алынды

Фото:

Көкшетаулық журналист Әділ Төлепбергенов сотты құрметтемегені үшін қамауға алынды.

Алматы, NEGE. Журналист сот залынан есікті тарс жауып кеткен екен. 

Сондай-ақ Төлепбергенов сот залында терезелер ашық болғандықтан, желден есіктің қатты жабылғанын айтқан.

«Сонымен олар келді. Мені Бурабайдан тауып алыпты. Мен оларға ақпаратты кім берді, бұл әкімшілік іс бойынша қалай жүргізіледі, адам аңдытқан ба деп сұрадым. Жасақ келді, оның қасында азаматтық формадағы оперлар, жедел уәкіл бар. Бұл «сотты құрметтемеу» бабы бойынша екен, - деп түсіндірді Әділ Төлепбергенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистті алып кету үшін Бурабайдағы қонақүйге келген полицей оның сот шешімімен "сотты құрметтемегені үшін" қамауға алынғанын видеода растайды. Журналист қамауға алынуын судья Жұмабековтің көзінше «есікті тарс жауып кеткені» себеп деп түсіндіреді. Журналист бес тәулікке қамауға алынған.

Бұл ретте Ақмола облыстық сотының өкілі Күләш Домалақова Төлепбергенов қамауға алынған жоқ деп жауап берді. Олардың мәліметінше, ол белгіленген уақытта сотқа келмеген және қоңырауларға жауап бермеген. Судья мәжбүрлі түрде  қаулы шығарған.

«Көкшетау қалалық сотында қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында судья журналист-блогер А.Төлепбергеновке сот процесі кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін сөгіс жариялады. Алайда, А.Төлепбергенов судьяның ескертуіне мән бермей, телефон арқылы дауыстап сөйлеп, процеске қатысушылардың назарын басқа жаққа аударды. Судья А.Төлепбергенов екінші сөзінде есікті қатты тарс жауып, залдан шығып кетті», – дейді Күләш Домалақова.

Тегтер: