USD
USD
USD

Сотталушы колонияда қайтыс болды

Павлодар облысындағы колонияда сотталушы қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

Сотталушы колонияда қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыс болар алдында екі ер адам жанжалдасып қалған. Оқиға 9 мамырда Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде болды. 

«8 мамырда кешке мекеменің санитариялық торабының үй-жайында кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталушы жанжалдан кейін басқа сотталушыны өлтірген. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші 9 мамырда өзінің жатын орнында қайтыс болды. Шұғыл шақыртылған жедел жәрдем бригадасы ер адамның қайтыс болғанын анықтады», – деді ведомство өкілдері.

41 жастағы жәбірленуші медициналық көмек алу үшін мекеме әкімшілігіне шағымдар мен өтініш жасамаған. Ол кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталған. Павлодар облысындағы колонияға жақында келген. 

«Бұл дерек бойынша материалдар тіркеліп, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаны мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жедел тергеу тобы, прокуратура, қауіпсіздік қызметі және ҚАЖ департаментінің өкілдері келді», – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy