USD
USD
USD

Сотталған полицейлер бостандыққа шықты

Шымкентте төрт ай бұрын сотталған 28 полицейдің төртеуі бүгін бостандыққа шықты. Бүгін қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық соты осындай үкім шығарды. 

Сотталған полицейлер бостандыққа шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сотталғандарға қылмыстық топ құрып, ұрланған көліктер мен қосалқы бөлшектерге жалған құжаттар жасаған және пара алған деген айыптар тағылған болатын. Түрмеден босатылғандардың төртеуі әкімшілік полицияға қарасты аудандардағы тіркеу-емтихан бөлімінің инспекторлары қызметін атқарған. Ал біреуі, Жетісай аудандық автомектептің оқытушысы болған. Соттың үкіміне сәйкес, бостандыққа шыққандардың жазалары Президенттің тиісті заңға өзгеріс енгізуінен кейін жеңілдетілген.

«Жаңа заңға сәйкес қылмыстың жеңіл түрін жасағандарға уақытша тергеу абақтысында өткізген бір күні екі күнге саналады. Сонымен қатар бас бостандығы шектелгендердің де жазасы жеңілдетілген. Бұл заң сотталған бес азаматқа қолдануға жатады, есепке алынады да, бұлар енді босатылады»,– деді Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының төрағасы Ербол Жанғазин.

 

Қазір оқып жатыр

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян

Қазақстанда алаяқтық күдігімен Кореяның 14 азаматы ұсталды

алаяқтық