Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Сотталғандар балабақшада жұмыс істеген...» – Жетісу облыстық Білім басқармасының басшысы жауап берді

Кеше Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 200-ден астам заңбұзушылықты анықтағанын хабарлады.

Садик
Фото: ғаламтордан

Атап айтқанда, еңбек заңнамасының талаптарына қарамастан, облыстың балабақшаларында бұрын қасақана жасаған қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істейтін болып шықты.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанындағы жолда жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілері жоқ.

«Ал Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған және бейнебақылау камералары жұмыс істемейді. Салдарынан мекеме аумағына бөгде адамдардың кедергісіз кіруіне мүмкіндік берілген. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 22 қадағалау актісі енгізілді. 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

NEGE тілшісі Жетісу облысы Білім басқармасы басшысы Марат Сүлейменовтен сұрап білді.

Білім басқармасы
Фото: ғаламтордан

– Біріншіден, біз ресми ақпаратты облыстық прокуратурадан алған жоқпыз. Біздің анықтап, білген бір ғана факт бар. Ақсу ауданында күзетші болып жұмыс істейтін азамат 10 жыл бұрын істі болған екен. Негізі жұмысқа тұрған кезде egov.kz-тен алынған анықтамасында «соттылығы жоқ» деп көрсетіліпті.

Осы тексерістен кейін күзетшімен сөйлесіп, «Күзетші болсаңыз да, балалар мекемесінде жұмыс істей алмайсыз» деп түсіндірдім. Ол өз еркімен жұмыстан босатылды. Ал басқа деректер бойынша анықтау жұмысын жүргізіп жатырмыз.

Бір айта кетерлігі, ауыр қылмыс жасаған жағдайда ғана шектеу бар. Яғни, соттылығы бар адамдарға мүлдем жұмыс істеуге болмайды деген заң жоқ. «Еңбек кодексі» бойынша жеңіл қылмыс жасаған азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат берілген. Сондықтан мұндай адамдарды жеп отырған нанынан айырған жағдайда адам құқығы бұзылады. Қазір облыстық прокуратураға ресми түрде хат жолдадық. Жауап келген соң міндетті түрде балабақша меңгерушілері тарапынан кеткен кемшілік анықталса, арнайы шара қарастырылады.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш