USD
USD
USD

Сотта Шерзат Полатқа айыпталушылардың соққы жасап жатқан видеосы көрсетілді

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Шерзат
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот отырысы судья Ержан Жанұзақовтың ескертуімен басталды.

Судьяның айтуынша, әлеуметтік желіде блогерлер мен сотқа қатысы жоқ өзге де азаматтар өздерінің жеке пікірлерін білдіріп, тергеу әрекеттері мен сот барысына субъективті баға беріп жатыр. Ол Қазақстан Конституциясына сәйкес, елде сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын, ал оған қандай да бір қысым көрсетуге немесе араласуға жол берілмейтінін еске салды.

Ары қарай сот отырысында «Қамажай» дүкенінің ішінде бейнебақылау камерасына түсірілген видео мен дүкен маңында Шерзат Полатқа айыпталушылардың соққы жасап жатқан видеосы көрсетілді.

Кадрларда жерде отырған жәбірленушіні (Шерзат) және оның жанында әйел адамды (анасы) байқауға болады. Олардың жанына Нұрқанат Ғайыпбаев жақындайды. Одан кейін жәбірленушіге айыпталушылар келеді де, оны соққыға жыға бастайды. Шерзаттың анасы мен Нұрғанат Ғайыпбаевтың көмек сұрап айқайлаған дауысы естіледі. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар