Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сотта Салтанат Нүкенованың қайғылы оқиға болған күні киген киімдері көрсетілді

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот отырысы барысында заттай дәлелдер ретінде Салтанат Нүкенованың киім-кешегі көрсетілді. Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін оның заттары ағасы Айтбек Аманкелдінің сақтауына берілген.

Сотта оларды жәбірленуші тараптың адвокаттары көрсетті. Қорғаушы Жанна Оразбақова алқабилердің назарын марқұмның шалбарына аудартты. Шалбар тар, оны етік арқылы шешіп алу мүмкін емес, дейді адвокат. Айтуынша, Бишімбаев шалбарды етік үстінен шешіп алған. 

Сонымен қатар олар Салтанат Нүкенованың ақ жейдесін көрсетті. Оның түймесі жоғарыдан емес, төмен жағынан бастап жұлынған. 

Бишімбаевтың адвокаттары марқұмның қандай опа-далап қолданғанын көру үшін оның сөмкесінің ішін көрсетуді талап етті. Сөмкенің ішінде қарапайым опа-далаптар шықты, ішінде бірде-бір люкс бренді болмады. 

Сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот залында «Салтанаттың аяқ киімін сол күні киген шалбарының ішінен шешуді» сұрады. Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановтың өтінішін қанағаттандырмады. 

 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы