USD
USD
USD

Сотқа дейінгі сатыда тұтынушылардың талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Жаңа заң жобасы тұтынушылардың шағымдарымен жұмыс істеу жүйесін жеңілдетеді.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Енді олар өз құқықтарын қорғаудың жолдарын таңдай алады. Мысалы, тікелей сотқа талап арыз беру, сатушыны жауапқа тарту үшін мемлекеттік органға хабарласу немесе арбитражға, медиаторға немесе қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне, қауымдастықтарға, омбудсменге жүгіну.

Бұл ретте құқықтары бұзылған және мәселесі сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушылардың пайдасына кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі енгізіледі. Тұтынушының талаптарын өз еркімен орындамаса, сот сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) айыппұл өндіріп алады.

Айыппұл талап арыз сомасының 10 пайызынан 50 пайызына дейін (талап сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл соғұрлым көп болады) салынады. Бұл норма кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кезеңде заң бұзушылықтарды өз еркімен жоюға ынталандырады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар