USD
USD
USD

Сот төрағасының кабинетінен не іздеген?

Nege.kz порталының редакциясына өте қызықты бір құжат келіп түсті. Осыдан бес күн бұрын – 11 қарашада түнгі сағат он екі жарым шамасында әлдекімдер Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының кабинетіне кіруге әрекет жасаған.

Сот төрағасының кабинетінен не іздеген?
Фото: NEGE.kz

Ауданаралық сот қызметкері М.Исаев түнгі бір кезінде сот төрағасы кабинетінің аулаға қарайтын терезесінде саты тұрғанын және шам жарығын байқаған. Бұл туралы Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі 2-батальоны командиріне уақтылы хабарланған. Алайда батальон командирі ғимараттағы полиция күзеті және ювеналды сот күзеті қызметкерлері жазған түсініктемені алып қойған, сот төрағасы кабинетінің терезесіне қойылған саты жөніндегі дерекке назар аудармаған.

Осы бойынша оқиға орнына Алматы қаласының Бостандық аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақырылған. Сарапшы-криминалистің қатысуымен жасалған бастапқы тексеру барысында сот төрағасы кабинетіне әлдекімдердің терезеден кірмек болғаны анықталыпты. Пластик терезелерден қолғап іздері, терезе жақтауынан аяқ киім іздері мен жерден сатының орны анық байқалып тұрған.

Бұдан әрі әлгі құжатта былай дейді: «Жақын маңдағы тұрғын үйлерге орнатылған бейнекамераларды зерттегенде 14 қараша күні түнгі сағат 23:54-тен бастап 15 қараша түнгі сағат 01:43-ке дейін мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратының жанына төрт автокөлік келіп тоқтаған – Тойота Хайландер, Тойота Камри, Тойота Королла және Киа. Көліктерден 7-8 адам түскен. Бірінің арқасында сөмкесі және қолында жиналмалы саты болған. Ол сот ғимараты жаққа бағыт алған. Ер адамның жеке басын және көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтау мүмкін болмады».

Бұл іске қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Полиция көліктердің мемлекеттік нөмірін анықтаумен айналысып жатыр.

Сот төрағасының кабинетінде кімнің не жоғалтқаны әзірге жұмбақ. Әлдебір қылмыстық іске қатысты құжаттар іздеуі мүмкін ғой. Әлде белгілі бір орган қызметкерлері төрағаның кабинетіне «көз тастап» қойғысы келді ме екен?..

Nege.kz

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy