USD
USD
USD

Сот төрағасы Бекімбетов қазір қайда?

Бұған дейін Түркістан облыстық азаматтық істер сот алқасының төрағасы

Сот төрағасы Бекімбетов қазір қайда?
Фото: NEGE.kz

Түгел Бекімбетовтің парамен ұсталғанын жазғанбыз.​ Бүгін Nege.kz редакциясына А.Бекімбетова деген адамнан хат келді. Онда автор Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетовті «ешкім ұстамағанын, күдікті ретінде жауапқа тартылмағанын» айтады.

Хат иесі былай дейді: «Оның мүлдем пара алмағанына қарамастан аяғынан шалғысы келетіндер «кезекті рет пара алды» деп адам ойына сыйымсыз, шындыққа сәйкес келмейтін, оның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімет таратуда. Мұндай теріс мәліметке заңнамалық тұрғыда жауаптылық көзделген. Теріске шығаратын ақпаратты жария етуіңіз сұралады. Өзге жағдайда сотқа жүгінетінімізге тура келетінін хабарлаймыз».

Алғашқыда мұны Т.Бекімбетовтің өзінен немесе облыстық соттың баспасөз қызметінен келген ресми хабарлама деп ойладық. Тілшіміз хат соңында көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, хат иесі Түгел Бекімбетовтің қызы Әйгерім Бекімбетова екенін анықтады.

«Түгел Бекімбетов қазір қайда?» деген тілші сұрағына Ә.Бекімбетова былай деп жауап берді: «Денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз болғандықтан демалыста. Дүйсенбіден бері ауруханада жатыр». Алайда кейіпкеріміз Т.Бекімбетовтің қай ауруханада екенін және қандай себеппен жатқанын айтпады.

Тілшіміз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне де хабарласты. Олар Т.Бекімбетовке қатысты әзірге ақпарат бере алмайтынын айтып, «күтіңіздер» деп қысқа қайырды. Енді құзырлы органның ресми жауабын күтеміз.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.