USD
USD
USD

Сот «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын ақтап шығарды

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты үкім шығарды. 

Сот «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын ақтап шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына екі бап бойынша айып тағылған болатын. Прокурор соттан күдіктіге Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану арқылы ауыр зардаптарға жол бергені үшін және осы кодекстің 287-бабының 2-бөлігі бойынша ұңғысыз тапаншаны заңсыз сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Үкімді оқыған судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпті қамаудан босатып, айыппұл салу туралы шешім шығарылғанын атады.

«Берік Шәріп 287-баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 2 миллион 778 мың теңге көлемінде немесе 1000 АЕК айыппұл тағайындалсын. Берік Шәріп 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылсын және оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталсын», - деді судья.

Сондай-ақ, төлеуге жататын айыппұл оның тергеу кезінде қамауда отыру мерзімі есебінен қысқартылатынын айтты.

«Қылмыстық кодекстің 62-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша 2020 жылғы 12 тамыздан бастап 2021 жылғы 4 тамызға дейінгі кезеңде күзетпен қамауда болған уақыттың бір күні үшін 4 АЕК айыппұл болып есептелсін және Берік Шәріп тағайындалған айыппұл түріндегі жазаны өтеді деп саналсын. Ол сот отырысының қамауынан босатылсын. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын», - деді судья Қанат Дүйсембиев.

Еске салсақ, 2020 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп ұсталғанын хабарлаған болатын.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты 2 ай мерзімге тұтқынға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Ал 2021 жылдың басында айыптаушы тарап өкілі күдіктінің кесірінен дәрігерлер коронавирус жұқтырды деген мәлімет берген еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт