USD
USD
USD

Сот сараптамалары орталығының құрылымы өзгеруі мүмкін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Сот сараптамалары орталығының құрылымы өзгеруі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот сараптамалары орталығының құрылымы өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әділет министрлігі технологиялық прогресті ескере отырып, сараптамалық міндеттер қиындағанын, олардың шешімі ғылыми әдістерді қолдануды, алынған нәтижелерді терең талдауды, стандартты емес зерттеулерді жүргізуді қажет ететінін мәлімдеп отыр. Осыған байланысты Сот сараптамалары орталығының штат санын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Жоғарыда көрсетілген міндетті шешу үшін министрлік босатылған әкімшілік бірліктерді сот сарапшылары лауазымына ауыстыра отырып, орталықтың және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын өзгерту мәселесін пысықтап жатыр», - деп жазады Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов сот сараптама қызметі мамандарының жалақысын көтеру мәселесі республикалық бюджет мүмкіндіктеріне байланысты екенін жеткізген.

«Бүгінгі таңда Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығындағы сот сарапшыларының штат саны – 1 272. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сот-медицина бөлімшелері қызметкерлерінің еңбекақысын өсіруге республикалық бюджеттен 1 млрд 953 млн теңге және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша 713 млн теңге медициналық бейіндегі емес сот сарапшыларына бөлінді.

«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында, оның ішінде медициналық және медициналық бейіндегі емес сот сарапшыларының, орта медициналық персоналдың, әкімшілік және қосалқы персоналдың, сот сараптамасының білікті және біліктілігі жоқ жұмыс органдарының орташа жалақысын республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен 2029 жылға дейін ұлғайту көзделген», - делінген жауапта.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева