USD
USD
USD

Сот Назарбаевты КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырды

КТК арнасының акциялары Назарбаев қорынан мемлекетке қайтарылады. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Бостандық ауданы прокуратурасының «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мен «Коммерческий телевизионный канал» АҚ арасындағы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы іс қаралды.

Сот Назарбаевты КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігінен айырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот шешімімен Назарбаев қоры КТК-ның 1% акциясынан айырылды.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бостандық ауданы прокуратурасының "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ акцияларының 1%-ын сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Бұл үлес бұрын "МаңғыстауМұнайГазға", ал содан соң Нұрсұлтан Назарбаев қорына тиесілі болған", –делінген хабарламада.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ КТК-ның 1% акциясына ие болған кезде аукционда бейінді емес активті сатпақ болған. Бірақ сатып алушылар табылмағандықтан, арнаға сыйға тартылыпты. Бірақ артынша акция Нұрсұлтан Назарбаев қорына берілген.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ мен "коммерциялық телеарна" (КТК) АҚ арасында жасалған 2016 жылғы 19 желтоқсандағы акцияларды сыйға тарту шартын жарамсыз деп танылды", – деді судья Гаухар Қасымбаева.

Ол мәміле "мемлекеттік мүлік туралы" заңды бұза отырып жасалғанын түсіндірді. "Маңғыстаумұнайгаз" өкілі сот ісін мойындады, ал КТК мойындаған жоқ.

"Нұрсұлтан Назарбаев қоры – КТК-ның 91,36% үлесі бар ірі акционері, оның құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Қор директоры – Дариға Назарбаева", – делінген хабарламада.

Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар