Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сот ҚР ҰҚК полковнигін 6 жылға бас бостандығынан айырды

Сот бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигіне қатысты үкімін өзгертті, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот ҚР ҰҚК полковнигін 6 жылға бас бостандығынан айырды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Есіл аудандық сотының үкімімен биылғы жылдың 25 қаңтарында ҰР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Е.Е. Арыстан мен оның жұбайы Э.Дүйсенқызы алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылған еді. Ал Е.Е.Арыстан қосымша пара беруге мәжбүрлеу әрекеті бойынша да айыпталды. Сотталғандар адамдар тобының сеніміне кіре отырып, алдын ала келісіп алып, зардап шеккен азаматтың баласын ҚР ҰҚК академиясына түсіреміз деген желеумен 15 мың АҚШ долларын алған.

2021 жылдың 10 наурызы күні Нұр-Сұлтан қаласының соты аталған үкімді өзгертті. Е.Е.Арыстановқа «лауазым иесі өзінің өкілеттігін пайдалана отырып» алаяқтық жасады деген айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істей ете алмайды. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болады. Оның жұбайы Э.Дүйсенқызына қатысты үкім өзгеріссіз қалды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы