USD
USD
USD

Сот Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы үкім шығарды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыруға қатысты қаулыны БҒМ-нің пайдасына қабылдады.

Сот Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айыру туралы үкім шығарды
Фото: NEGE.kz

Тақырыпқа орайКлара Садырбаева: Академия басшылығы маған жала жауып отыр

Алматы, NEGE. Сот отырысы 25 қарашада елордада өтті. 

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын (Алматы қаласы) бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Университет БҒМ шешіміне байланысты сотқа шағымданған.

Ведомствоның мәліметінше, сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

"Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған бұзушылық фактілерін де сот растады", – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп