USD
USD
USD

Сот Гүлмира Сатыбалдыға үкім шығарды

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Гүлмира Сатыбалдыға үкім шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Сатыбалды Гүлмира Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сатыбалды Гүлмира 28-баптың 3-бөлігімен және 125-бабының 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, аса ауыр емес жазаны қолдану арқылы, мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Кемеңгер Имашев.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.

Еске салайық, прокурор Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG