USD
USD
USD

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты

Экс-министр сотта елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоқтығын дәлелдейтінін жеткізді. 

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы 2 айға созылды. 
Сот күдіктінің өтінішін елемей, осындай шешім қабылдады. Біртанов болса, өзінің кінәлі емес екенін, кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екендігін алға тартты. Сондай-ақ экс-министр елден қашпайтынын және өзінің еш кінәсі жоқтығын дәлелдейтінін жеткізді. Онымен қоса жауапты органдар бұл істе қарастырылып жатқан материалдарды қорғаушыларға бермей жатқанын мәлімдеді. Соның салдарынан жауап беруші тарап тағылып жатқан айыптың мән-жайын зерттей алмай жатқанын айтты.  
«Бұл істің қылмыстық құрамы жоқ. Қызметімді асыра пайдаланғанымды дәлелдейтін деректер де жоқ. Мен мемлекетке ешқандай залал келтірген жоқпын. Ақпараттық платоформа келісімге сәйкес қолданысқа алынды. Ол жұмыс істейді. Осы орайда мені үйде қамау туралы шешімді жоюды талап етемін. Сондай-ақ бұл іске қатысты барлық материалды бізге беруді сұраймыз. Біз де оларды зерттегіміз келеді», – деді Елжан Біртанов.
 
Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды). Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды, ол әлі күнге дейін қамауда отыр. Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» деп өзгертілді.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы