USD
USD
USD

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Алматы облыстық соты 12 жылға сотталған Жамбыл облысының және «Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты ауруына байланысты жазасын өтеуден босату туралы қаулының күшін жойды.

Кәрім Көкірекбаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында бірінші сатыдағы соттың заң талаптарын өрескел бұзғанын анықтаған. Атап айтқанда, сотталған адамның ауруының ауырлық дәрежесі Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген жазасын өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізбесіне сәйкес келмейтіні белгілі болған.

«Істі қарау қорытындысы бойынша Алатау қаласы сотының қаулысының күші жойылып, ІІМ ҚАЖК-нің "№57 мекеме" РММ-нің сотталған адамды жазадан босату туралы ұсынысын қанағаттандырудан бас тартылды», – делінген облыстық сот хабарламасында.

Бұған қоса сот алқасы бірінші сатыдағы сот отырысына қатысқан прокурор мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өкіліне және сотталған адамды жазадан босату қажеттілігі туралы негізсіз қорытынды бергені үшін Алматы облысының прокуратурасы мен Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрлігінің атына жеке қаулы шығарған.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен жекеше қаулы заңды күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін Алатау қаласының соты Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселденқорғаудың» экс-басшысы Кәрім Көкірекбаевты денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босату туралы өтінішті қанағаттандырғанын жазған едік.

Көкірекбаев 2022 жылғы 27 желтоқсанда мердігерден пара алды деген күдікпен ұсталған. Тергеу мәліметінше, «Базис» компаниясының топ-менеджері мемлекеттік мекеме басшыларына Қорғас өзеніндегі қорғаныс құрылыстары бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 396 миллион теңге берген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеге жуық деп бағаланған.

2024 жылдың жазында алқабилер соты Поплавский мен Ахатаевты кінәлі деп таныса, Көкірекбаевты ақтап шығарған. Алайда кейін бұл үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

2025 жылғы шілдеде сот Көкірекбаевты 12 жылға, ал оның орынбасары Әділет Ахатаев пен кәсіпкер Андрей Поплавскийді 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап болды

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай

Қазақстан астығын экспорттаумен шектелмеуі керек: депутат агросектордағы басты мәселені атады

Ауыл шаруашылығы

Жалғыз баспанасы мен автокөлігі барлар мемлекеттік қолдаудан қағылмай ма?

Алматы жастары