USD
USD
USD

Сот вайнер Мейіржан Төребаевтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады

Түрксіб аудандық сотында Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша бес жылға сотталған белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түрксіб аудандық соты М.Төребаевтың ҚР ҚК 73-бабында көзделген жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру туралы өтінішін қарады.

— Сот талқылауы барысында сотталғандарға жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі — зиянның өтелмегені анықталды, –деп хабарлады қалалық соттан.

ҚК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қас көйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

— Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.Төребаевтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды, — деп атап өтті ведомстводан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін, вайнерлер сотқа мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінген еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.